Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/testim.kz/tanshuak-aitekebi.testim.kz/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Тақырыбы: Балабақшада тәрбиелеу – оқыту үрдісінде жаңа иновациялық технологияларды қолдана отырып, ұлттық тәрбие негізінде тәрбиеленушілердің шығармашылық – танымдық қабілеттерін дамыту, белсенді іс- әрекетке шоғырландыру және денсаулығын нығайту

Мақсатымыз: Мектепке дейінгі ұйымда балалардың жекеленген қабылеттерін ұштай отырып,сапалы білім беру және салаутты өмір салтына қалыптасыру

Міндеттеріміз: -Балалардың өмірі мен денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру;

  • Көркем шығармалар қойылымдары мен логикалық ойындар арқылы балалардың шығармашылық – танымдық қабылеттерін дамыту үшін жүйелі жұмыстар жүргізу;
  • - Балабақшада ата-аналар мен педагогтардың ынтымақтастықты дамыту, тығыз қарым-қатынас орнату:
  1. Денсаулық пен салауатты өмір салтына жағдай жасау, дене шынықтыру –сауықтыру іс-шаралар жүйесі.

Мақсатымыз:  Балалар өмірін қорғау, дене тәрбиесі, шынықтыру сауықтыру салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстарын жетілдіру.

Жаңа оқу жылында қыркүйек айында әдістемелік кеңесте балалардың жасына қарай оларға Денсаулық күніне арналған түрлі сценарийлер құрылып әр топта әдіскер, дене шынықтыру нұсқаушысы мен тәрбиешілердің ұйымдастыруымен спорттық сайыс, сауықтыру іс – шаралары, тәрбие сағаттары өткізіледі.

Қараша айында дене шынықтыру нұсқаушысы мен топ тәрбиешілерінің ұйымдастырылуымен «Менің тату отбасым» атты отбасылық сайыс өтті.

желтоқсан айында  ортаңғы топ тәрбиеленушілер арасында « Епті бол» эстафеталық жарысы өткізілді.

Қаңтар айында әдіскер,медбике, дене шынықтыру нұсқаушысы, тәрбиешілердің ұйымдастыруымен  «Қысқы ермек» атты отбасылық спорттық ойын сауық өтті.

Ақпан айында  ортаңғы топ тәрбиешілері мен дене шынықтыру нұсқаушысының ұйымдастыруымен «Бір, екі, үш кіші топ маған қарап қайтала» атты ойын сауық өткізілді.

Наурыз айында ересек топ тәрбиеленушілерінің қатысуымен, жоспарға сай ұлттық ойындар ұйымдастыру.

Сәуір айында ересек топ тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының қатысуымен «Біз көңілді баламыз » атты отбасылық эстафеталық жарыс ұйымдастырылады.

Мамыр айында ересек топ тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Көктемгі дала» атты спорттық жарыс ұйымдасырылады.