Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/testim.kz/tanshuak-aitekebi.testim.kz/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Мақсатымыз: Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру, өз өмірлері үшін жауапты екенін ұғындыру. Өрт сөндірушілердің қалай жұмыс жасайтындарын көрсете отырып,осы  мамандыққа деген құрмет сезімдерін күшейту.

Жаңа оқу жылында  әдістемелік кеңесте төтенше жағдайдан қорғану іс- шараларының жоспары жасақталып, балабақша меңгерушісі   жұмыс жоспарды бекітті.

Өрт сөндіру қауіпсіздігі туралы жұмыс балалармен, ата-аналармен, қызметкерлермен жүргізіледі.

Балалармен жұмыс:

Қазан  1. «Өрт бала көзімен» барлық топ тәрбиеленушілерінің қатысуымен көрме ұйымдастырылды. 2. «Өрт туралы не білесіз?» әңгімелесу.

Қараша   Ересек топ тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Өрт қауіпсіздігі» атты квест ойыны ұйымдастырылды.

Қаңтар  Ересек топ тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Өрт сөндірушіге не қажет?» атты викториналық кеш өтті.

Сәуір  Ортаңғы топ тәрбиеленушілерінің арасында «Өрт сөндіру көлігі» ойын –сауық ұйымдастыру

Мамыр Барлық топтарда «Өрттен сақ бол!» атты әңгімелесу ұйымдастыру. Жуапты топ тәрбиешілері.

Ата- аналармен жұмыс:

Қазан  Барлық топ ата-аналарынан «Қауіпсіздік ережелерін білесіз бе?»  атты суалнама алынды.

Ақпан  Ата-аналардың және Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен «Өрт кауіпсіздік еліне саяхат» атты ойын сауық өткізілді.

Қызметкерлермен жұмыс:

Қазан «Өрттен сақтандыру» тәжірибелік іс-әрекет. Жауапты меңгеруші, шаруашылық меңгеруші.

Наурыз  «Алғашқы көмек» тәжірибелік іс-әрекет. Жауапты медбике