Балабақшада азық-түлік сапасын, сертификаттарын, сақталу ережелерін медбике мен шаруашылық меңгерушісі күн сайын бақылап отырады. Медбике бракеражды журналды жүргізіп, тағам тасымалдаушылардың санитарлық-кітапшаларын және санитарлық паспорттарын, көліктерін тексереді. Күнделікті бақылауда медбике мен кәсіподақ комитеті балалардың тамақтану процесінің ұйымдастырылуын қадағалап 3 ай сайын меңгеруші жанындағы жиналыста баяндайды.